Бүгін | 84 | |
Кеше | 99 | |
Апта бойы | 84 | |
Өткен апта | 769 | |
Ай | 3049 | |
Өткен ай | 3300 | |
Барлығы | 29084 |
Сіздің IP: 207.241.237.236
MOZILLA 5.0,
Қәзір: 2012-01-29 17:16
Құрылымы
Онкодиспансер құрылымы
Онкологиялық диспансер 13.02.2009жылдан 270 керуетке көбейді. Солардың ішінде Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының 10.02.09ж. №74-0 бұйрығы негізінде онкологиялық -115, терапиялық-120, шұғыл хирургия -10 және көз микрохирургиясы -25 керует.
Осылайша қазіргі таңда стационар құрамында 9 бөлімше қызмет көрсетеді:
- хирургиялық-30 керует,
- гинекологиялық-10 керует,
- химиотерапиялық-40 керует,
- радиологиялық-35 керует,
- пульмонологиялық-40 керует,
- кардиологиялық-40 керует,
- терапиялық-40 керует,
- көз микрохирургиясы-25 керует,
- шұғыл хирургия-10 керует,
- реанимация-12 керует.
Онкодиспансер емханасында жыл сайын тұрғындарға 50 мыңнан астам амбулаторлық-диагностикалық және кеңес беру көмегі көрсетіледі. Емделушілерді қабылдауды мына мамандар арқылы жүзеге асырылады: онкологтар – 2, маммолог – 2, радиолог, химиотерапевт, уролог, онкогинеколог, балалар онкологі, көз дәрігері, барлық аралас мамандар (тамыр хирургі, невропатолог, эндокринолог, ЛОР дәрігері, нейрохирург, тіс дәрігері). Амбулаторлық онкохирургия және химиотерапия, сәулелі терапия қызмет етеді. УЗИ кабинеттер, эндоскопиялық кабинет, функционалды диагностикалық кабинет, орталықтандырылған цитологиялық зертхана , емдеу-диагностикалық зертхана (гармондар, онкомаркерлер, ПСА, HbsAg), рентгенді диагностикалық бөлім (2009 жылдан бастап КТ,ЯМРТ жасалады), ЭКГ қызмет етеді.
Патоморфологиялық қызмет толық көлемде қызмет етеді және қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған. Гарвард медициналық мектебі және әлемнің басқа да патоморфологиялық орталықтарының жетістіктері мен тәжірибесіне негізделе отырып электронды микроскопия, иммуногистохимиялық зертеулер, тіндер ерекшелігі, терапиялық, дәрілік және ісіктердің сәулелі патоморфологиясын зерттеу әдістері орнықтырылып және жетілдірілуде; ағзаның ісікпен зақымдалуы және көршілес анатомиялық құрылымдар шекарасы мен көлемін, сондай-ақ лимфалық метастазданудан аймақтық жолдарын анықтау мәселелерін шешетін жылдам-гистологиялық зерттеулері қалыптасты.