Астана қаласында "Онкологиядағы мультитәртіптік тәсіл: Қатерлі ісікті емдеу мен диагностикалаудағы заманауи технологиялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК, Астана қаласының онкологтар және радиологтар қауымдастығы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласында "Онкологиядағы мультитәртіптік тәсіл: Қатерлі ісікті емдеу мен диагностикалаудағы заманауи технологиялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Аталмыш шараға қатысу үшін Қазақстанның ТМД-ның және алыс шетелдің онкология саласындағы жетекші мамандары шақырылды. Конференцияның бағдарламасы онкологияляқ ғылым мен тәжірибенің жетістіктері мен заманауи мәселелерін қамтыды.
Оңтүстік Кореяның Kyungpook қаласынан профессор Gue-Seog Choi, MD шеберлік сыныбын өткізді
2016 жылғы 23 қарашадағы Оңтүстік Кореяның Kyungpook қаласынан профессор Gue-Seog Choi, MD шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныбының аясында ота жасалынды: Тоқ ішектің лапароскопиялық ассистирленген резекциясы, аппаратты ректосигмоанастомоздың шегінен шегіне дейін құрылуымен, илеостомия,құрсақ қуысын құрғату
«Оро-фаренгиаль аймағындағы ісік кезіндегі реконструктивті –пластикалық хирургия» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы өткізілді
Астана қ. Онкология орталығында 2016 жылғы 7 қараша мен 11 қараша аралығында профессор MohitSharma, Amrita Institute of Medical Sciences, Kochi( India) қатысуымен «Оро-фаренгиаль аймағындағы ісік кезіндегі реконструктивті –пластикалық хирургия» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. 4 пациентке ота жасалынды. Оның ішінде 2 пациентке ауыз қуысының 4-кезеңіндегі ісігі бойынша жүргізіліп, орофаренгиаль аймағының пластикасы мен төменгі жақты қайта жасауымен кеңейтілген-құрамдастырылған ота жасалынды. Көмей-жұтқыншақтың 4-кезеңдегі ісігі бойынша 2 пациентке өңештің мойын бөлігі мен көмей-жұтқыншақ резекциясымен кеңейтілген-құрамдастырылған ота жасалынды.
Бөлімшеде 5 пациентке кеңес берілді.
ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК Бүкіләлемдік онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау күні қарсаңында 2016 жылдың ақпан айының 1-і мен 10-ы аралығында онкүндік өткізу жөнінде ақпарат
Айлық өткізу жоспары жасалып, ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері М.Е.Тулеутаевпен бекітілген. Бұл бұйрықпен, онкүндікті өткізу бойынша шаралар жоспары және тұжырымдамасымен ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК бөлімше меңгерушілері, аға мейірбикелер таныстырылған.
4 ақпан сағат 11:00-де СӨСҚО және ДСБ жетекшілігімен «Біздің қолымыздан келеді. Менің қолымнан келеді!» тақырыбында журналистердің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Шараға 36 адам қатысты. Онкология орталығының дәрігерлері флешмоб өткізді. Оған 130 адам қатысты.
АПВ вакциналауы бойынша баспасөз конференциясын өткізу туралы ақпарат
Астана қаласының Онкология орталығы «Халықаралық медициналық құқық» қоғамдық бірлестікпен бірлесіп, 2015 жылғы 17 қыркүйекте сағат 14.00-де Астана қаласы Онкология орталығының мәжіліс залында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасының, Білім басқармасының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломасы вирусына қарсы иммунитеттеу бағдарламасын ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы тәжірибе» атты баспасөз конференциясын өткізді.
Бұл шараның басты мақсаты – қоғамды Қазақстанның қыздары мен әйелдерінің болашағына қажетті жатыр мойны обырының алдын-алу үшін вакциналаудың артықшылықтары туралы ақпараттандыру.
Бас және мойын ісігіне қарсы күрес
Биыл 27 шілде күні бүкіл әлем Бас және мойын ісігіне қарсы күрес күнін атап өтпек. Көптеген адамдарға белгісіз бұл қатерлі ісіктер әлемде ауру-сырқаулық бойынша 6 орынға ие. Жыл сайын әлемде бас және мойын ісігі ауруына 500 000-нан астам шалдығып, оның 270 000-ы көз жұмады. Бас және мойыны ісігі - бас және мойын тұсындағы бас және жұлыннан басқа барлық қатерлі ісіктердің жалпы термині. Оған ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмейдің, қалқанша безінің, гайморой қуысының, төменгі жақсүйектің обыры, т.б. жатады.
Қазақстанда бұл ауруға ондаған мың адамдар шалдыққан, бұлардың көбі науқастың өзіне ғана емес, жақындарына, айналасындағы адамдарға да көрінетін соңғы сатыларда ғана анықталады.