Онкология орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде келесі медициналық қызметтердің түрлері бойынша қызмет көрсетеді
Ақпарат
Астана қаласы, Алматы ауданы, Манас көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Онкология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2017 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде келесі медициналық қызметтердің түрлері бойынша қызмет көрсетеді:
Білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек.
Медициналық көмектің нысаны бойынша: стацонарлық, стационарды алмастырушы медициналық көмек, паллиативті көмек.
Соның ішінде келесі ЖТМК технологиялар бойынша:
№ |
МКБ 9 бойынша код |
Атауы |
1 |
30.0902 |
Көмейдің эндоскопиялық микроларингохирургиясы |
2 |
30.40 |
Радикалды ларингэктомия (көмейді тұтас сылып алып тастау) |
3 |
43.0019 |
Өңеш пен асқазанның қатерлі ісігі кезіндегі кеңейтілген құрамдастырылған гастрэктомия (асқазанды толық алып тастау) |
4 |
31.7910 |
Кеңірдекке жасалатын қайта қалпына келтіру (қайта қалпына келтіру-пластикалық) отасы |
5 |
50.2219 |
Бауыр ісігі кезіндегі кеңейтілген құрамдастырылған гемигепатэктомия (тоқішектің не оңжақ, не солжақ жартысын кесіп алып тастау) |
6 |
52.53 |
Радикалды субтоталды панкреатэктомия (ұйқыбезді сылып алып тастау) |
7 |
52.70 |
Радикалды панкреатикодуоденэктомия (ұйқыбезді және ұлтабарды сылып алып тастау) |
8 |
17.0722 |
Лапароскопиялық адреналэктомия (бүйрек үстіндегі безді сылып тастау) |
9 |
68.61 |
Лапароскопиялық құрсақтық гистерэктомия (жатырды сылып алып тастау) |
10 |
29.4 |
Жұтқыншаққа пластикалық ота |